Абай облысындағы табиғи өрт ауыздықталды
<p style="text-align: justify;">Тікұшақтар мен жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өрт 25 мамыр күні кешке ауыздықталды, деп хабпрлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті аймақта тұрақты аэровизуалды тексеру жалғасуда.
«Өрт орнын түрлі құралдарды қолдана отырып, қарауылдау ұйымдастырылған. Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ - ТЖМ-нен - 5, Қорғаныс министрлігінен - 3, Экология министрлігінен -2 тікұшақ тартылды. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді», деп жазды министрліктен.
Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3500 га құрады.
Секундына 6-10 метр екпінді желдің салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлер де өрттің өршуіне әсерін тигізді.