Экономика
1 мин оқу 320

Доллар арзандады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,83 теңгеге төмендеп, 445,68 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Доллар арзандады

Қытай Халық Республикасында тойланып жатқан мерекеге байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ұлттық банк еуро бағамын 479,3 теңге, рубльді 5,6 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-446,5 теңге, еуро 478-482,5 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

26 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны 0,33%-ға төмендеп, барреліне 76,01 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,14%-ға төмендеп, барреліне 71,73 доллар болды.
Бөлісу:
Доллар арзандады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар