Білім
1 мин оқу 580

40 мыңнан астам талапкер негізгі ҰБТ тапсырды

<p style="text-align: justify;">Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам түлек тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70%&ndash;ы қазақ тілінде, 30%-ы орыс тілінде, 50 түлек ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.</p>

ҰБТ басталғалы бері шекті балды 76%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл - 68. Ең жоғары балл – 137.

«Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді.  Тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – «Химия-Физика», оны 50 адам тапсырған», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Бөлісу: