Теннис
1 мин оқу 404
Қазақстан теннисшісі Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Әлемнің 447-ракеткасы қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 1019-орында тұрған словакиялық Нина Варговамен кортқа шықты.
Тартысты өткен матчта Жібек Құламбаева екі тай-брейкте басымдылық танытты. Есеп - 7:6 (7:5), 7:6 (7:5).
Бөлісу: