Оқиға
1 мин оқу 405

Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Қостанайда 13 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйде болған.

Оқиғаның куәгері болған көршілер полиция мен жедел жәрдемге хабарлаған. Олар жұмыста болған ата-аналарына да телефон соқты.

Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ пәтерде тоғыз жасар сіңілісі  мен екі жасар інісі болған.

Қостанай облысында жыл басынан бері балалардың терезеден құлау оқиғасы сегіз рет тіркеліп отыр.

Бөлісу: