Оқиға
1 мин оқу 2,000
«Қазақфильм» киностудиясынан өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазақфильм» киностудиясында декорация жасайтын ағаш шеберханасының жұмыс үстелі, құрал-саймандары мен терезе ойықтары өртеніп жатқанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«28 мамыр күні сағат 12:22-де Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайы бойынша «Қазақфильм» АҚ-да алдын ала 10 шаршы метр аумақта декорация жасайтын ағаш шеберханасының жұмыс үстелі, құрал-саймандары мен терезе ойықтары өртенді», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт 12:40-та оқшауланып, 12:42-де жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Бөлісу: