Спорт
1 мин оқу 404

«Қостанай қыраны» анықталды

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы финалда белдескен қос мықты биыл тағы кездесті. Бұл жолы Арқалықтың балуаны Аслан Сағитбек жерлесі Алмас Жұмағалидан басым түсіп, &laquo;Қостанай қыраны&raquo; белбеуін иеленді.</p>

«Қостанай қыраны» анықталды

Бозкілем шебері Аслан – бүгінде облыс құрамасын баптап жүрген Данияр Қарпықовтың шәкірті.

Қос балуанның финал­дағы белдесуі аса тартысты өтті. Қар­сы­­ласына қарағанда ши­рақ қимыл­даған Аслан аяқ­қа іліп шалу әдісін жасап, екі мәрте жарты ұпай алды. Осы­лайша, турнир жеңімпазы атан­ған Аслан Сағитбек 500 мың тең­ге, екінші орыннан көрінген Алмас Жұмағали 300 мың теңге, жарыстың қола жүлдегері Талғат Жиентаев 200 мың теңгенің сертификатын еншіледі.

Турнир жеңімпазы алдағы уақытта Астанада өтетін «Қазақ­стан барысында» өңір намысын қорғайды.

«Бұл жарыста анау осал, мынау мықты деп айта алмаймын. Бәрі баптың келісуіне байланысты. Осы жерге бақ сынап келіп отырған балуандар­дың бәрі кілең «сен тұр, мен ата­йын» деп тұрған жігіттер. Бірін­ші­ден, Алланың қалауымен, екін­шіден бапкерлеріміздің табан­ды­лығының арқасында жеңіс­ке жет­тік. Алда сол кісілердің өзімізге артқан үмітін ақтауға тырысуымыз керек, – дейді жарыс жеңім­пазы.

Қостанай облысы

Бөлісу:
«Қостанай қыраны» анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар