Теннис
1 мин оқу 296

Негізгі кезеңде ойнайды

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі үздік теннисшілердің бірі Тимофей Скатов Францияда жалауы&shy; желбіреген &laquo;Үлкен дулыға&raquo; сана&shy;тын&shy;дағы Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.</p>

Негізгі кезеңде ойнайды

Теннистен Қазақстанның ерлер ара­сын­дағы екінші, әлемнің 147-ракеткасы Т.Скатов Франция ашық чемпионатының іріктеу са­йыстарында бақ сынап, негізгі кезеңде ойнайтын үш отандасымыздың (Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева) қатарын толықтырды.

Скатов іріктеу бәсекелерінің финалында әлемнің 165-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвестен үш сетте 2:6, 7:5, 6:3 есебімен басым түсіп, карьерасында алғаш рет Франция ашық чемпионатының негізгі кезеңінде ойнау мүмкіндігіне ие болды. Ол алғашқы айналымында әлемнің 33-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Е.Рыбакина Ролан Гар­рос турнирінің бірінші кезеңінде 16 жас­тағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен, Ю.Путин­цева бельгиялық Марина Заневскаямен, А.Бублик іріктеу сайыстарының жеңімпазы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Негізгі кезеңде ойнайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар