Спорт
1 мин оқу 270

Әлем кубогінің жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Болгарияның Варна қаласында өткен спорттық гимнастикадан &laquo;Challenge Cup&raquo; санатындағы Әлем кубогінің ал&shy;ғашқы кезеңінде отандасымыз Эмиль Ахмеджанов қола жүлдегер атанды.</p>

Әлем кубогінің жүлдегері атанды

Спортты дамыту дирекциясының мә­лі­метінше, Ахмеджанов еркін жаттығуда 13,800 ұпай жинап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл сайыста болгариялық гимнаст Эдди Пеневтің (14,366 ұпай) бағы жан­са, күміс жүлде мажарстандық Ботонд Молнарға (13,833 балл) бұйырды. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, былтырғы әлем чемпионатының жеңімпазы Артур Давтян жүлдесіз қалып, 6-сатыдан көрінді.

Жалпы, бұл жарыста 24 елден 150 спортшы бақ сынаған болатын. Әлем кубогінің ке­лесі кезеңі 1-4 маусым күндері Израильде өтеді.

Бөлісу:
Әлем кубогінің жүлдегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар