Қоғам
1 мин оқу 520

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Парламенттің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған &laquo;Парламент сөзі&raquo; сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Бұл сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайлы 2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Конкурс 7 номинация бойынша өтеді. Олар – үздік телевизиялық сюжет, баспа жарияланым, интернет, радио және фото материал. Сондай-ақ «Парламент сөзі» номинациясы, Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы мен Парламент Мәжілісінің қызметі туралы жасалған арнайы репортаж да атап өтіледі.

Өтінімдерді 2023 жылғы 15 маусымға дейін smimazh@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Жеңімпаздарды Мәжіліс депутаттарынан құралған арнайы комиссия анықтайды. Қорытынды БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында шығарылады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан немесе 74-63-03, 74-63-01, 74-63-05 байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Бөлісу:
«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар