Ауа райы
1 мин оқу 420

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, елдегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күтіледі. Тек антициклон жотасымен Қызылорда және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Қазақстан бойынша күндіз температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста 28-36 градус жылы, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус жылы, оңтүстікте 32-37 градус жылы, шығыста 20-28 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар