Аймақтар
2 мин оқу 2,120

Махамбетке арналған мүшәйра

<p style="text-align: justify;">Қазақ елінің тәуелсіздігін аңсап, алдаспан жырымен рухын оятқан батырдың қатарында Махамбет Өтемісұлы да бар. Атырауда ақын әрі батыр тұлғаның туғанына 220 жылдығына орай мүшәйра өтті.</p>

Махамбетке арналған мүшәйра

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламановтың ай­туын­ша, мүшәйраға «Тартынбай сөйлер асылмын» тақырыбы таңдал­ған. Республикалық жазба ақындар мү­шәйрасына еліміздің әр өңірінен 18-40 жас аралығындағы 19 ақын қатысты.

– Мүшәйраны өткізудегі мақ­сат – Махамбеттің ақындық қуа­­тын өлеңдері арқылы наси­хат­тап, жас­тарды бабадан мұраға қалған ше­шендік өнерге баулуды көздедік. Жас ақындар осын­дай мүшәйраға қатысып, шығар­ма­шылық шебер­лігін шыңдайды. Кейінгі буынның қазіргі қазақ по­эзиясына деген құш­тар­лы­ғын оятып, рухани тәрбие­сін жетіл­дір­генін қаладық, – дейді Әбіл Жоламанов.

Сайыста ақындар алдымен өз өлеңін оқыды. Содан соң Махамбет шы­ғар­маларынан үзіндіні жатқа айтты. Соңында 8-10 минутта өлең жазып, суы­рыпсалмалық қабілетін танытты.

– Ақындарға өте күрделі талап қойылды. Оның қатарында сөз тап­қырлығы, өлең мағынасының те­реңдігі, шумақ ұйқасының күр­де­лілігі, әдеби теңеу, эпитет, метафора, көркем мәтіннің орындалу ше­берлігі бар. Мүшәйраға қатысу­­шының дауыс мәнері мен тіл таза­лығына, сахна мәдениетіне назар аударылды, – дейді Жазушылар ода­ғының төрағасы Мереке Құлкенов.

Қазылар алқысының шешімімен атыраулық ақын Асыланбек Шығы­ров бас жүлде жеңіп алды. Ал Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Әді­лет Орынбасаров бірінші орынды, павлодарлық Жарқын Әбу екін­ші орынды, маңғыстаулық Жұ­­­ма­гүл Мұрсал үшінші орынды ие­­ленді. Өзге қатысушыларға бел­гілі қа­лам­­­герлер Х.Ерғалиев, Ә.Сәр­сен­­­баев, М.Сатыбалдиев, Ж.Нә­жіме­денов, Ф.Оңғарсынова, А.Ер­шуов, М.Отар­алиев, Н.Әжіға­лиев, Т.До­сы­мов, Д.Жа­зықбаев, М.Не­талиев, Қ.Са­ғиев, А.Өте­генов, Қ.Оразов, К.Нә­биева атын­дағы арнайы жүлде берілді.

Атырау облысы

Бөлісу: