Көршілердің жетістігі
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Аргентина жасыл алаң­дарында өтіп жатқан футболдан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқ­талып, плей-офф сатысына шыққан құрамалар анықталды.</p>

Жастар арасындағы доп додасының 1/8 финалына шыққан 16 құраманың ішінде оңтүстіктегі көршіміз – Өзбекстан футболшылары да бар. А тобында бақ сынаған ала тақиялы ағайындардың өрендері алғашқы турда Аргентинадан 2:1 есебімен жеңілсе де, кейінгі ойындарда Жаңа Зеландиямен тең ойнап (2:2), соңғы турда Гватемаланы жеңді – 2:0. Осылайша, үш ойында төрт ұпай жинаған Өзбекстанның жастар құрамасы турнир кестесінде Аргентинадан (9 ұпай) кейінгі екінші орынға жайғасып, плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алды.
Енді олар 1/8 финалда С тобында екінші орын алған Израиль құрамасымен кездеседі. Сонымен қатар 1/8 финалда АҚШ – Жаңа Зеландия, Гамбия – Уругвай, Бразилия – Тунис, Колумбия – Словакия, Англия – Италия, Эквадор – Оңтүстік Корея және Аргентина – Нигерия құрамалары ойнайды.