Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
<p style="text-align: justify;">Парламент Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

2022 жылдың 21 мамырынан бастап 2023 жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Сіздерді Конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды.
Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.
Материалдарды Сенаттың баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.