«Барыс» көшбасшысы Никита Михайлис басқа клубқа ауысты
<p style="text-align: justify;">Ресейдің «Металлург» хоккей клубы мен қазақстандық форвард Никита Михайлис келісімшарт жасасты. Қазақстан құрамасының 27 жастағы шабуылшысымен жасалған келісім бір жылға есептелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Никита Михайлис мансабының біраз бөлігін «Барыс» хоккей клубында өткізді, ал кәсіби хоккейдегі мансабын «Барыс Астана-2» командасынан бастады, кейін «Қар барыстары», «Номад» және Өскемендегі «Торпедо» командалары сапында да өнер көрсеткен.
2014 жылдан бастап Михайлис «Барысқа» тартыла бастады, біртіндеп негізгі құрамның ойыншысы да болды. 2021/22 маусымда Никита 46 (19+27) ұпай жинап, жеке ұпай рекордын орнатты. Ал келесі жылы шабуылшы команда капитаны атанды.
Қазақстандық форвард U-18 командасынан бас командаға дейінгі жолды жүріп өтіп, ел құрамасының құрамына кірді.
Айта кетсек, Никита Михайлис Латвиядағы 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде ҚХЛ-дан үздік хоккейші атанды. Сол кезде Михайлис жеті матчта екі шайбаны лақтырып, үш нәтижелі пас берді.