Тағайындау
1 мин оқу 500

Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. 

2008-2012 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын  2006 - 2010 жылдары «United Bank Limeted» өкілдігінің бас менеджері қызметінен бастаған. 

2010 - 2014 – «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері (Алматы қ.);

2014 - 2015 – Астана қалалық сотының бас маманы (Астана қ.);

2015 - 2016– Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы (Астана қ.);

2016 - 2016 – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Хатшылығының бас сарапшысы (Астана қ.);

2016 - 2018 – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы (Астана қ.);

2018 - 2018 –Оңтүстік Қазақстан облысы аппаратының басшысы (Шымкент қ.);

2018 - 2019 – Аппарат басшысының орынбасары-Шымкент қаласы әкімі хатшылығының меңгерушісі;

2019 - 2020 – Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келген. 

Бөлісу:
Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар