Әлем
1 мин оқу 310
Солтүстік Кореяның әскери спутнигі ұшпай қалды
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Кореяның тұңғыш әскери спутник ұшыру әрекеті сәтсіз болды. Спутникті орбитаға апара жатқан баллистикалық зымыран әуеде ыдырап, теңізге барып құлаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап. </p>

Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігі мәлім еткендей, ракетаның қозғалтқышында ақау пайда болған.
Айта кетейік, Пхеньян 2016 жылдан бері 6 рет барлау спутнигін ұшырмақ болды.
Алайда ел билігі мұнымен тоқтамайтынын мәлімдеген. Бірақ АҚШ, Жапония елдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Солтүстік Кореяның әрекетін сынға алды.
Бөлісу: