Білім
1 мин оқу 670

Биыл 172 мың түлек мектеп бітірді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы биылғы оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне <a href="https://t.me/oqu_agartu/6193" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.&nbsp;</p>

Биыл 172 мың түлек мектеп бітірді

Бүгін 2022-2023 оқу жылының соңғы күні. Ел бойынша 172 мың түлек 11-сынып бітірді, оның ішінде 6 800 оқушы - «Алтын белгі» үміткерлері.

«9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сынып аралығындағы балалардың 85,3 пайызы, атап атйқанда 2 млн 800 мың бала жазғы демалыс және сауықтыру бағдарламаларымен қамтылады. Оның 500 мыңы - жекелеген санаттағы отбасы балалары», делінген министрлік хабарламасында.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс істейтіні қоса хабарланды. 

«Сондай-ақ «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдауға әзір», деп қосты ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Биыл 172 мың түлек мектеп бітірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар