Хоккей
1 мин оқу 190

Михайлис «Барыспен» қоштасты

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен &laquo;Барыс&raquo; клу&shy;&shy;бының шабуылшысы Ни&shy;кита Михайлис спорттық жолын Магни&shy;то&shy;горскінің &laquo;Металлург&raquo; командасында жалғастыратын болды.</p>

Михайлис  «Барыспен» қоштасты

28 жастағы Қарағанды хоккей мек­тебінің түлегі «Барыста» 2011 жылдан бері өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) 411 кездесуде мұз­айдынға шығып, 221 (99+122) ұпай жинады. 2021/22 жылы Никита Ми­хайлис – Кёртис Волк – Якоб Лилья үштігі тұрақты біріншіліктің қоры­тын­дысы бойынша ең нәтижелі ойыншылар деп танылды. Ал 2022 жылы Михайлис «Барыстың» капитаны ата­нып, команданың нағыз көшбас­шысына айналды. Ол өткен маусымда ҚХЛ-да 58 ойын өткізіп, 15 мәрте мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ 26 мәрте әріптестерінің гол соғуына жағ­дай жасады.

Никита Михайлис Магнитогорскінің «Металлург» командасымен бір маусымға келісімшартқа отырды.

Бөлісу:
Михайлис «Барыспен» қоштасты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар