Аймақтар
1 мин оқу 353

Жүгіріп жүріп қоқыс жинады

<p style="text-align: justify;">Әдетте еңбекқор, тынымсыз адамның атқарған жұмысын бағалағанда, &laquo;жүгіріп жүріп қызмет етті&raquo; деп сипаттап жатамыз ғой. Осы сипатты тура мағынасында экологиялық іс-шараға қатысты да қолдануға болады екен. Мұның бір көрінісі &ndash; мектеп бітіруші түлектердің айналаның тазалығына тигізген қолғабысы.</p>

Жүгіріп жүріп қоқыс жинады

Сенбі күні облыстық білім басқармасы «Түлек­терден – табиғатқа!» деп аталатын плоггинг ұйым­дастырды. Плоггинг «жүгіріп жүріп қоқыс жинау» деген мағына береді. Швед энтузиасі Эрик Альстрем 2016 жылы негізін қалаған жеңіл-желпі, көтеруге жарайтын, салмақ түсірмейтін қоқысты тазарту мақсатын көздейтін экологиялық іс-шара жылдан-жылға біздің елімізде де танымал болып келеді.

Плоггингке облыс бойынша мұғалімдер,  ата-аналарымен бірге биылғы мектеп бітіруші 1 420 түлек қатысты. Олар плоггингті «Біз таби­ғатты қорғаймыз!» ұранымен өткізді.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Жүгіріп жүріп қоқыс жинады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар