Қоғам
1 мин оқу 961
Қазақстанда ұл балалар саны қыздарды басып озды
<p style="text-align: justify;">Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық статистика бюросы қызықты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазіргі уақытта Қазақстанда 16 жасқа дейінгі 6 миллион 162 мың бала тұрады, оның 51,4 пайызы ұлдар, 48,6 пайызы қыздар», делінген бюро дерегінде.
Қалалық жерлерде 3 миллион 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде 2 миллион 497 мың бала бар.

Өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, ең көп балалар саны Түркістан облысына тиесілі - 836 мың. Айта кетсек, Алматы облысында 498 мың бала болса, Алматы қаласының өзінде 592 мың бала тұрады.
Бөлісу: