Қоғам
1 мин оқу 1,580

Елімізде «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекесі пайда болды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толықты. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрді Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді «Аналар күні» мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, «Әкелер күні» мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өтіледі.

Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.

«Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатса керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Берекелі әрі бақытты отбасы қуатты елдің тірегі», – дегені белгілі. Отбасын нығайтатын факторлардың бірі – әулет мүшелерінің бірге уақыт өткізуі, ортақ қуанышты бірге атап өтуі екені анық. Министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында көрсетілгендей, еліміздегі отбасылық дәстүрлердің діңгегі – әулет мүшелерінің туған күнін атап өту екен. Бұл сауалнамаға қатысқан 86%-дан астам респонденттің ой-пікірі ескерілді. Сондай-ақ отбасылардың жартысынан көбі Жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз және тағы басқа мемлекеттік мерекелерді атаған», деп жазды министр.

Қуанышты жаңалықты бөліскен министр жаңа мерекелер отбасы институтын нығайтуға, аналарымыз бен әкелеріміздің мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды дамытуға, әулеттегі жақындықтың, құрмет-ықыластың берік орнауына және отбасындағы береке-бірліктің артуына ықпал ететініне сенім білдірді.

«Бүгінгі Балалар құқығын қорғау күнінде пайда болған мәні зор мерекелер құтты болсын! Әкелеріміз бен аналарымыз аман болсын!», деп қорытындылады Дархан Қыдырәлі.

Бөлісу: