Өнер
1 мин оқу 870

Дәстүрлі әншілер кеші

<p style="text-align: justify;">Қазақ ән өнерінде айшықты қолтаңбасы бар ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай Екібастұзда &laquo;Арқадан ән оздырған Ақан сері&raquo; атты дәстүрлі әншілер кеші өтті.</p>

Дәстүрлі әншілер кеші

Кеш шымылдығын «Жай­қо­ңыр» қазақ ұлттық фольклорлық ансамблі күймен ашты. Сондай-ақ бұл күні еліміздің еңбек сіңір­ген қай­раткері, Торайғыров уни­вер­сите­тінің профессоры Ер­бол Айт­баев, мәдениет қайрат­кері Жә­нібек Мәліков, И.Бай­зақов атын­дағы облыстық филар­мо­нияның әншісі Жанболат Бай­солтан, республикалық және ха­лықаралық конкурстардың лау­реаты Салтанат Қисатова, ус­пен­дік өнерпаз Ербақ Құрметжан өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар Ақан сері атын­дағы І республикалық кон­курс­­тың бас жүлдегері Жай­дар Шұ­­нан, «Өнер» қалалық мә­дениет сарайының әншісі Мұ­хит Нұрбол, Ес­тай атындағы ба­лалар музы­ка мек­тебінің өнер­паздары Ма­ней­хан Қуан­дық, Азамат Әсет, Тіле­ген Біләл, «Ата­­мұра» мәде­ниет орта­лы­ғы­ның дәстүрлі әншілері Жо­март Қа­быкенов, Сұңғат Кө­пежанов, Болатбек Шаланов, жас әнші Айдын Бейсен, халық арасынан шыққан бүркітші, атбегі, ән­ші Қуат Кәрімов көрерменнің ыс­тық ықыласына бөленді.

Атап өтерлігі, ән кешінің фор­­маты бұл жолы өзгешелеу бол­­ды. Жас ақын Ерболат Әмі­ренов әншілерді жай хабарлаумен шектелмей, орындалатын әндер­дің шығу тарихы, өнер зерт­теу­шілерінің берген бағасы тура­лы қысқа мәлімет айтып отыр­ды.

Жиналған жұртшылық Ақан серінің шоқтығы биік «Сы­рым­­бет», «Балқадиша», «Ма­ң­маң­гер», «Ләйлім шырақ», басқа да әндерін ерекше қабылдап, өнер­­паздарға тік тұрып, құрмет көр­сетті.

Сондай-ақ кеш барысында Талант Тежекенов пен Қайрат Тоқан композитордың «Кербез керік», «Ұзақ ақжелең» күйлерін орындап, халық қошеметіне ие болды.

ЕКІБАСТҰЗ

Бөлісу: