Жекпе-жек
3 мин оқу 220

ТТ «Сары Тарзанмен» айқасады

<p style="text-align: justify;">23 маусымда Алматыда Ural FC пен Naiza промоушендері бірлескен турнир ұйымдастыруды көздеп отыр. Сол жарыстың басты жекпе-жегінде ресейлік Вячеслав Дацик пен біздің Ғалымжан Жасыланов күш сынасады. Екеуі де еңселі және аса ауыр салмақты жігіттер. Сол себепті де барша жанкүйерлер аталған қос алыптың айқасын тағатсыздана күтіп отыр.</p>

ТТ «Сары Тарзанмен» айқасады

Ленинград облысындағы Слан­цы деп аталатын шағын қа­лада туып-өскен 43 жас­тағы Дациктің өмірі шытыр­ман оқи­ғаларға толы. Өзінің балалық шағы жайында атышулы спортшы былай деп әңгімелейді: «Бес жасымда түс көрдім. Бір дәу ит мені талап тастапты. Келесі күні сол пәлені сойып тастайын деп қолыма пышақ ұстап ұйықтадым. Содан бері мүлдем түс көрмейтін болдым. Орта мектептің бас­тауыш сыныптарында оқып жүр­генімде маған бәрі тиісетін. Бір жылдың ішінде ғана 16 рет миым шайқалып, бір рет жансақтау бө­лімінен шықтым. Бірде қатты ашуы­м келіп, мені соққыға жыққан балаларды бір­тіндеп ұстап алып, оңдырмай тістеп тас­тадым. Тіптен біреуінің мойын сіңірін де жұлып алған екенмін. Содан кейін олар менен аулақ жүретін болды».

мчи

Вячеслав жастайынан таеквондо, дзюдо және кір тасын көтеру спортымен айналысты. Кейіннен аралас жекпе-жекке ден қойды. «Сары Тарзан» деген жанама есімге ие болған ол тұсаукесер кездесуін 1999 жылы Андрей Орловскийге қарсы өткізді. Бәсеке басынан ая­­ғына дейін белоруссиялық фай­­тердің басымдығымен өтті. Алай­да Дациктің жерге аунап ба­рып, аяғымен тепкен соққысы қар­сы­ласының жағына дәл тиді. Ол есінен танып қалды. Бір ғажа­бы, арада бірер жыл өткеннен соң дәл сол Орловский UFC-дің чемпионы атанды.

Әр жекпе-жекте Дациктің ере­жені өрескел бұзып, одан кейін жанжал шығаратын әдеті бар. Сол үшін де ол талай жарыстан шеттетілді. Ол аз десеңіз, «Са­ры Тарзан» қоғамдық орындар мен көшеде де тыныш жүрмейді. Мә­селен, 2017 жылдың ақпан айында ол ұялы телефондар дүкенін тонап, сатушыларды соққыға жық­қаны үшін психиатриялық ау­ру­ханаға жатқызылды. Бірнеше айдан кейін Вячеслав ол жерден қашып шығып, тағы да ескі әдетіне басты. Полицейлер ізіне түскен кезде шекара асып, Нор­вегиядан бір-ақ шықты. Атал­ған елден ол саяси баспана сұ­рады. Спортшы біраз уақыт Осло түр­месінде отырғаннан кейін Ре­сейге депортацияланды. 2012 жылы сот үкімі шығып, басбұзар бес жылға бас бостандығынан айырылды.

2017 жылы түрмеден шыққан бетте Дацик қайта істі болды. Ол жезөкшелерден бастап, көшеде кездейсоқ жолыққан адамдарды ұрып-соғып, жеке заттарын тартып алды. Жеңіл жүрісті қыздарды Санкт-Петербор көшелерімен тыр жалаңаш жүргізді. Сол үшін тағы да 3,5 жыл мерзімге темір торға тоғытылды. 2020 жылы жазасын толықтай өтеп, қайта үлкен спортқа оралды. Сол кезден бері тағы бірнеше жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бойы 186 сантиметр, салмағы 150 кило. Міне, Вячеслав Дацик осындай «өмір мектебінен» өткен.

37 жастағы Ғалымжан Жа­сыланов та «қара жаяу» емес. Ол – Түркістан облысы Созақ ауда­нының тумасы. Бозбала ша­ғында еркін күрес және қазақ кү­ресімен шұғылданды. Бәйгеге тұл­пар жаратып, шабандоз болды. Асау аттарды үйретті. Көкпар тартып, 200-дей салым салған. Өз сөзіне қарағанда, орекеңдермен күш сынасқанда жаны жай табады, қарсыласын есінен тан­дыр­ғанша немесе өзі талып қал­ғанша төбелескенді ұна­тады екен. Жанама есімі – ТТ. Қан­дасы­мыздың бойы 180 сантиметр, сал­ма­ғы 105 кило.

Ғалымжанның аралас жекпе-жекпен айналысқанына аса көп уақыт болған жоқ. Осы күнге дейін небәрі екі кездесу өткізіп, екі ретінде де жеңіске жетті. Naiza лигасы ұйымдастырған жа­рыста өзбекстандық Даврон Кузиевті ұрып жыққаннан кейін достары оған су жаңа «BMW» көлігін мінгізді. Ал спортшының өзі бәсеке аяқ­талған бетте «Ей, Мәскеу, мені тың­даңдар! Барлық­тарың алапат айқасқа дайын болыңдар. Енді мен сендер жаққа барып, бар­лықтарыңды ұрып құ­латамын», деп батыл мәлімдеме жасады.

– Алдағы жекпе-жекте Дацик ұтады деп нық сеніммен айта алмаймын. Оның бір артықшылығы – тәжірибесінің молдығы. Бірақ мен Ғалымжанды да жақсы бі­лемін. Ол – ақкөңіл, кеңпейіл және қарулы жігіт. Соққылары өте ауыр. Кезінде қазақ файтері де «темір қапасты» көрді. Вячеслав та талай шытырман оқиғаларды ба­сынан кешті. Сондай сынақтар мен қиындықтарға қарамастан екеуі де өмірдегі өз соқпақтарын та­уып, қазіргі кезде жарыс жолына шы­ғып, саң мың жанкүйердің қо­ше­метіне бөленіп отыр, – дей­ді Naiza лигасының басшысы Нұр­бек Қарабала.

Бөлісу:
ТТ «Сары Тарзанмен» айқасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар