Хайме Мунгия Головкинді жекпе-жекке шақырды
<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия Головкинді қайтадан жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Хайме Мунгия 2018 жылы да Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Дегенмен комиссия оның Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын еместігін айтып, рұқсат бермеген болатын.
«Біз үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Олармен жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға қатысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Головкинге қатысты, біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап болмады. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты», дейді Мунгия.