Ауа райы
1 мин оқу 310

Бірнеше өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер&nbsp; 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.&nbsp;Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы  сақталады. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36+41°С, шығыста күн +33+39°С-қа дейін, орталықта +33+41°С-қа дейін, оңтүстікте +37+44°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С-қа дейін ыстық болады.

«Тек елдің батыс облыстарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республиканың оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен жел күшейеді.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар