Қазақстанның қай өңірінде қылмыс жиі жасалады?
<p style="text-align: justify;">«Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі крименогендік ахуалға тоқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Жыл басынан бері жалпы қылмыс 19%-ға азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру - 51%, зорлау - 37%, қарақшылық - 36%, тонау - 16%, бұзақылық - 47%, ұрлық - 28% және көшедегі қылмыстар саны 12%-ға төмендеді. Бұл ретте елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны – 127. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш», деді Марат Ахметжанов.
Министрдің мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлердің 80%-ы - тұрақты жұмысы жоқ адамдар. Ал жеке тұлғаға қарсы 50% құқық бұзушылық әрекеттерін ішімдікке масайған адамдар жасайды екен.