Қоғам
1 мин оқу 400

ЕGov Mobile қосымшасынан нотариус кеңесін алуға болады

<p style="text-align: justify;">Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында &laquo;Нотариаттық онлайн консультация&raquo; сервисін енгізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.

«Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақтылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», деп атап өтті вице-министр.

Жобаның мақсаты - нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру.

Қызметті алу үшін:

1. «eGov Mobile» қосымшасына кіру керек;

2. Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет;

3. Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз;

4. Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариустың қызметін төлеу керексіз.

Бөлісу:
ЕGov Mobile қосымшасынан нотариус кеңесін алуға болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар