Қоғам
1 мин оқу 230

Анталия мен Астана арасында жаңа рейс ашылды

<p style="text-align: justify;"><a href="https://telegra.ph/file/9eedaa300b2d7ed0ce3dd.jpg">​​</a>Mavi G&ouml;k Aviation Анталия-Астана-Анталия бағыты бойынша жаңа рейс &nbsp;бағытын ашады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анталия мен Астана арасында жаңа рейс ашылды

Бұл туралы Астана әуежайы хабарлады.

Алғашқы рейс 4 маусым түнде Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.

Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылады.

Айта кетсек, Boeing 737-800 ұшағында 189 орын бар. Компания орындар санын 300 дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Анталия мен Астана арасында жаңа рейс ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар