Спорт
1 мин оқу 270

Астанада күресетіндер анықталды

<p style="text-align: justify;">16-18 маусым аралығында дзюдо&shy;дан Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023 турнирінде Қазақ&shy;станның әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.</p>

Астанада күресетіндер анықталды

Команданың бас бапкері Ерлан Алпыс­баев осы жарысқа 23 шәкіртін қосуды жөн көрген екен. Солардың арасынан аса жеңіл салмақтағы Әбиба Әбужақынованы ерекше атап өткен жөн. Былтыр әлем чемпионаты­ның қола жүлдегері атанып, қатарынан екі жыл Азия біріншілігінің финалисі болған Әбиба биыл Париж, Ұланбатыр, Әбу-Даби және Тбилисиде ұйымдастырылған Гранд-слэм мен Гранд-при турнирлерінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Әбибадан бөлек, елорда төрінде Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек (48 кило), Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ирмағамбето­ва (52 кило), Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова (57 кило), Мөлдір Нарынова, Эсмигюль Куюлова, Анастасия Морозо­ва (63 кило), Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева (70 кило), Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко (78 кило), Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова және Назгүл Маратова (78 кило) бақ сынайды.

Бөлісу:
Астанада күресетіндер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар