Оқиға
1 мин оқу 520
Ресейлік боксшы аралас жекпе-жектен соң қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға Ресейде аралас жекпе-жектен өткен жарыста болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Амур облысындағы жекпе-жек кезінде 16 жастағы жасөспірім басынан соққы алып, қайтыс болды.
Ережеге сәйкес, кәмелетке толмаған барлық қатысушылар боксқа ашық түрдегі дулыға киюге міндетті болды. Алайда судья жасөспірімге онсыз жекпе-жек өткізуге рұқсат берді.
Басынан алған соққыдан жігіт құлап, есінен танып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиғаны тексеріп жатыр.
Бөлісу: