Ұлттық спорт
1 мин оқу 794

Ат дүбіріне бөленген күн

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік рәміздер кү&shy;ніне орай елорда маңын&shy;да&shy;ғы &laquo;Қазанат&raquo; атшаба&shy;рын&shy;да республикалық дең&shy;гейде аламан бәйге жарысы ұйым&shy;дастырылды.</p>

Ат дүбіріне бөленген күн

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Астана қаласының Ұлт­тық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының пре­зиденті Ерлан Қаналимов, Қазақ ұлттық спорт түрлері қауым­дас­ты­ғының президенті Исламбек Сал­жанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі.

«Баршаңызды ел тарихындағы айтулы мерекенің бірі – Мем­лекеттік рәміздер күнімен құттық­таймын! Әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз айбынды болсын деймін. Жылқы десе жүген ала жүгіретін қазақ үшін аламан бәйгенің алар орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Ұлттық спорт – ұлт рухының жаршысы. Оның дамуы­на қызмет ету баршамыздың мін­детіміз», деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Елорда әкімдігінің қол­дауы­мен Астана қаласының Ұлт­тық және олим­пиадалық ат спорты түр­лері федерациясының ұйым­дас­тыруымен өткен бәйгеде шабандоздар «Құнан», «Жорға», «Топ» және «Аламан» түрлерінен сынға түсті. Бәйгенің жалпы жүлде қоры 20 000 000 теңгені құ­рады.

Жарыс қорытындысы бойын­ша, құнан бәйге (7 шақырым) са­йысында ШҚО өкілі Сұлтан Төрехан бас жүлдемен қатар 2 млн теңгеге ие болса, жорға жарысында (7 шақырым) елордалық Шуак Жайлаубеков (2 млн теңге) мәреге бірінші жетті. Ал топ бәй­геде (12 шақырым) Алматы облысының өкілі Бекзат Ділдәхан (2 млн 200 мың теңге), аламан бәйгеде (18 шақырым) елордалық Абдыкал Асланбек (4 млн теңге) жеңімпаз атанды.

Бөлісу:
Ат дүбіріне бөленген күн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар