Экономика
1 мин оқу 290

Халықаралық ұйымдардың оң бағасы

<p style="text-align: justify;">Экономикалық ын&shy;ты&shy;&shy;&shy;мақтастық пен да&shy;му ұйымы жә&shy;не&shy; БҰҰ Есірткі және қыл&shy;мыс&shy;тар жөнін&shy;дегі бас&shy;қар&shy;масы еліміз&shy;дің сыбайлас жемқор&shy;лыққа қарсы саясатын оң атап өтті.</p>

Халықаралық ұйымдардың  оң бағасы

Парижде ұйым­дас­ты­рыл­ған ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі басқарушы тобының отырысы мен Ғаламдық сыбайлас жемқорлықпен күрес форумында еліміз мониторингтің төрт кезеңінен сәтті өтіп, ЭЫДҰ сарапшылары бе­кіткен ұсынымдардың басым бөлігін орындады. Енді шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу жос­парланып отыр.

ЭЫДҰ-ның барлық ұсы­­­нымдарын орындау арқылы еліміз таяу жылдары дамыған елдердің клубына мүшелікке үміткер бола алады. Болашақта бұл ЭЫДҰ елдерімен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олар­дың заңсыз мүліктерін қайтару мәселелері бо­йынша ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Жиында Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының орын­басары Дмитрий Малахов­тың басшылығымен Қазақ­стан делегациясы жем­­­қор­лыққа қарсы тиімді күреске бағытталған соңғы өзгеріс­терді ұсынды. Атап айт­қанда, бірінші басшы­лар­дың қарамағындағылар үшін дербес жауапкершілігі, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судья­лардың сыбайлас жем­қорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті арттыру, заңсыз шығарылған актив­терді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды кешенді қорғау шаралары сияқты нормалар мен заң­наманы халықаралық стан­дарттарға сәйкес қатаңдату туралы сөз болды.

Бөлісу:
Халықаралық ұйымдардың оң бағасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар