Балалар
3 мин оқу 1,350

Қызықты демалыс күтіп тұр

<p style="text-align: justify;">Ауылдық жерлерде үздік нәтиже көрсеткен 925 оқушыға жазғы демалыс уақытында &laquo;Қазақстан халқына&raquo; қоры есебінен лагерлерге жолдама сатып алынады. Тағы 725 бала өңірлік &laquo;Жас дәурен&raquo; және &laquo;Қарлығаш&raquo; сауықтыру лагерлерінде тынығады деп күтіліп отыр.</p>

Қызықты демалыс күтіп тұр

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жазғы демалыс­ты­ пайдалы әрі тиімді ұйым­дас­тыру кезінде ауыл балалары көбіне ұмыт қалатынын, дема­лыс іс-шаралары мағыналы өтпей­тінін айтқан еді. Биыл жазда өңірлердегі мектептердің оқу­шыларына басымдық бері­ліп, ауылдық елді мекендер оқу­шы­ларының демалыс кезеңін ба­рынша қызықты етуге күш са­лынып жатыр.

Жазғы демалыс уақытында Ке­рекуде 108 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланып отыр. Бұл – 1-10-сыныптарда бі­лім алып жатқан балалардың 98,4 пайызы. Ауылдық мектептерде білім нәрін сіңіріп жатқан зерек шәкірттерге, түрлі білім сайысы мен байқауының жүлдегерлеріне «Қазақстан халқына» қоры есе­­бінен лагерлерге жолдама бері­ле­ді. Тағы 700-ден астам бала облыстық сауықтыру ла­герь­­­­леріне бағытталса, 200 жас­өспірім Астанадағы На­зар­баев университетіне 10 күнге сая­хаттайды. Өзге шәкірттер де ұмыт қалмайды. 40 мыңнан астам оқушыны қамтитын 326 мек­теп жанындағы лагерь мен алаңдардың жұмысын ұйым­дастыру қарастырылған.

– Жалпы білім беру мек­теп­терінің барлығында дер­лік жазғы лагерьлер ұйым­дас­ты­ры­лады. Олар өз жұмыстарын 5 маусымнан бастап жүргізсе, одан соң қалалар маңындағы ла­герьлер кестеге сәйкес ашыла бастайды деп күтіп отыр­мыз. Орта және жоғары сы­нып­­­­тардағы оқушылар үшін­ өңірімізде салалық ла­герь­­­­­­­­лер ұйымдастырылады. Мы­са­лы, мұндай жазғы лагерьлер­ бала­лар­дың көркемсурет мектеп­терінде құрылып, бала­лар­ пленэрге шыға алады, таны­мал суретшілермен кезде­сіп, шеберліктерін шыңдайды. Му­зы­калық мектептерде салалық ауысымдар пайда болса, ал жас құтқарушылар жасақ­та­ры олимпиялық резервтегі мек­тептермен жұмыс істейді. Мұның барлығы балалар үшін өте қызықты болатынына сенім­діміз, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова.

Білім беру мекемелерін ынталандыру мақсатында жазғы уақытта облыстық деңгейде конкурстар өткізу де жоспарда тұр. Қалалық және аудандық білім бөлімдері арасында «Жаз-2023» шығармашылық жобалар байқауы, үздік педагогикалық жасақты анықтайтын «Бала достары» облыстық байқауы және білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік алаңдары үшін «Жасыл желек» облыстық байқауы ұйымдастырылмақ.

Бүгінде өңір бойынша қала сыртындағы балаларға арнал­ған­ лагерлердің саны – 12. Олар­дың тоғызы – мемлекеттік, өзге­с­і жекенің қолында. Бұлар­да жазда шамамен 6 мың­нан астам бала тынығады деп­ кү­ті­ліп отыр. Демалыс орн­ы­ның­ барлығы ашылмас бұ­рын­ тө­тен­­ше жағдайлар қыз­ме­ті­нің және санитарлық қыз­мет­ ма­ман­­дарының тексеруінен өтеді.

Р.Ақанова әлеуметтік қор­ғал­­маған отбасылардың бала­ла­ры және жетім балалар да де­малыспен қамтылып, бұл санаттағы 12 мыңнан астам оқушы тынығу орындарына жіберілетінін айтты. Бұл мақ­сат­қа шамамен 300 млн теңге бюд­жет қаражаты жұмсалады. Мау­сым айының ортасынан бас­тап тамыз айына дейін балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қалалар маңындағы лагерьлерге жіберіліп, бұл іске меце­нат­тар мен демеушілер де тар­тыл­мақ. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 30 млн теңгеге 600 жолдама сатып алынған.

Балалардың қызығушы­лы­ғын­ арттыру мақсатында жаз мез­гілінде түрлі танымдық жоба­ да қарастырылған. «Ұлы дала кереметі» турис­тік сапар­лары аясында облыс­тың, республиканың киелі жер­леріне экскурсиялар ұйым­дас­ты­рылады деп күтіліп отыр.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Қызықты демалыс күтіп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар