Ауа райы
1 мин оқу 1,950
Еліміздің бес облысында құрғақшылық күтіледі
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігі ылғалдылық нормасына жақын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сонымен қатар солтүстік-батыс аудандарында, елдің оңтүстігінде, солтүстікте және орталықта құрғақшылық күтіледі.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында құрғақшылық болады.
Бөлісу: