Ауа райы
1 мин оқу 280

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК болжамына сәйкес, ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Республиканың бірқатар өңірінде аптап ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр, соған байланысты найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

«Тек елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл күтіледі», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық болжанады.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: