Әдебиет
1 мин оқу 564

Әдебиеттің елеулі сыйлығы

<p style="text-align: justify;">Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және олардың жаңа буынын қалыптастыру мақса&shy;тында тұңғыш рет прези&shy;денттік әдеби сыйлық та&shy;ғайындалып отыр.</p>

Әдебиеттің елеулі сыйлығы

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұ­рын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» аталымдары бо­йын­ша қабылданады. Жас қалам­герлер 2023 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымына дейін уәкілетті органға қағаз және элек­­тронды түрде құжаттар жі­бе­руге тиіс.

Президенттік сыйлық әр аталым бойынша бір үміткерге ғана тағайындалады.

Сыйлыққа ие болғандарға «Қа­зақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі. Сондай-ақ диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы (әр аталымға 4,1 млн теңге) тапсырылады.

Бөлісу: