Спорт
1 мин оқу 2,550

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

<p style="text-align: justify;">Алматыда шахматтан Азия чем&shy;пио&shy;на&shy;тының шымылдығы түрілді. Жүл&shy;де қоры 100 мың АҚШ долларын құрай&shy;тын жарыста 18 мемлекеттен келген 128 үздік ойыншы шеберлік байқасуда.</p>

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

Жарыстың ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Республикалық шахмат федерациясының пре­зиденті Тимур Турлов, Азия шахмат фе­дерациясының бас хатшысы Хишам әл-Тахер және өзге де лауазым иелері қатысты. «Халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесі біздің шахмат федерациясының жұмысын нығайтуға, елімізде осы өнерді дамытуға көп сеп­тігін тигізеді. Осындай іс-шаралардың ар­қа­сында Қазақстаннан әлі көптеген чем­пион­ның шығатынына сенімдімін», дейді Тур­лов.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Алғашқы тур­дың нәтижесінде Ри­нат Жұмабаев, Мұр­тас Қажығалиев, Денис Махнев, Нөгер­бек Қы­зыбек, Арнаш Бауыржан, Лия Құрман­ғалиева, Әмина Қайырбекова және тағы басқа жерлестеріміз жеңіске жетті. Аталған дода 12 маусымда өз мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Азия чемпионаты Алматыда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар