Жастар
1 мин оқу 336

Өңір жастарына жеңілдік

<p style="text-align: justify;">Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі мен &laquo;Отбасы банкі&raquo; акционерлік қоғамы бірлесіп қолға алған жоба алғашқы нәтижесін бере бастады. Бағдарлама аясында жеңілдікпен несие алуға қол жеткізген алғашқы 10 жасқа облыс әкімі сертификат тапсырды.</p>

Өңір жастарына жеңілдік

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен – 500 млн, банк тарапынан 250 млн теңге қарас­тырылды.

Наурыз айынан бері жүргізілген ақпараттандыру жақсы нәтижесін көрсетіп отыр. Өйткені бағдарламаға қатысуға 350-ден аса өтініш түскен. Бірақ бағдарлама критерийлеріне сәйкес 75 өтініш қабылданып, соның 69-ы іріктеліп алынды. Өтінімдердің басым бөлігін білім беру саласының өкілдері құрады, яғни, 55 өтініш облыс аумағындағы мектеп, колледж ұстаздарынан, 13 өтінім денсау­лық саласының жас мамандарынан, қалғандары спорт, мәдениет, бұқара­лық ақпарат құралдары мен әлеу­меттік сала қызметкерлерінен түсті.

Қазіргі уақытта «Отбасы банкі»  29 жастың төлем қабілетін растап, несие өтінімін мақұлдады. Олардың арасынан 10 жасқа сертификат тапсырылды.

«Біз алдағы уақытта бағдар­лама ая­сын кеңейтуге шешім қабыл­да­дық. Келесі жылы бағдарлама қа­тысушылары қатарына комму­нал­дық кәсіпорындар жұмыскерлерін, ауыл шаруашылығы саласының жә­не мемлекеттік қызметкерлерді де қо­суды жоспарлап отырмыз», деді об­лыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы сертификат тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде.

Жиында жеңілдікті несиеге қол­­дары жеткен жастардың алғы­сын Жезқазған қаласындағы Абай атын­дағы мектеп-интернаттың геог­ра­фия пәнінің мұғалімі Диас Көпе­шов жеткізді.

Жезқазған

Бөлісу:
Өңір жастарына жеңілдік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар