Президент
1 мин оқу 2,060

Бүгін Мемлекет басшысы үш маңызды кездесу өткізеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

Жоспарға сәйкес Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.

Бөлісу:
Бүгін Мемлекет басшысы үш маңызды кездесу өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар