Қазақстан
2 мин оқу 382

«Saumal» бренді Дубайға экспортталады

<p style="text-align: justify;">Қарағанды аймағында бұған дейін Қытайға бие сүтін ұнтақ күйінде экспорттаушы &laquo;Еуразия Инвест ЛТД&raquo; ЖШС енді экспорт аясын кеңейтеді. Бұйыртса, компанияның &laquo;Saumal&raquo; бренді Дубайға жол тартады. &laquo;Еуразия Инвест ЛТД&raquo; ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиадидің айтуын&shy;ша, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.</p>

«Saumal» бренді Дубайға экспортталады

Осыдан үш жыл бұрын компания «Saumal» және «Saubota» брендтерін Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Ланьчжоу қаласына экспорттауды бас­тағаны мәлім. Ендігі меже – Бі­рік­­­кен Араб Әмірлігі. Неміс техноло­гия­сымен өндірілетін өнім – мұзда­тылған, кептірілген қалыпта.

авпр

Осакаров ауданының Жансары ауылдық округіндегі ферма бүгінде өндірісін ұлғайтқан. Нарық та кеңіп келеді. Алғашқыда 4 мың тонна өнім экспорттауды бастаған компания қа­зір көлемін арттырған. Мал басы да өскенін атап өткен ләзім. Не­гіз­гі өнім­­мен қатар, алдағы уақытта өсім­­дік шаруашылығын өрістетуді де көз­деп отыр. Өнім алынатын жылқы­ның тұқымы фермадағы – қазақы жылқыдан.

ачп

– Фермада қазақы тұқымды жыл­қы саны 1500-ден 2300-ге дейін өсті. Биыл мұздатылған, кеп­тірілген бие сүтін өндіруді 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін көбей­теміз. Сату нарығының аясы да кеңіп келеді. Қазір Дубайда сатып алушы­мен келіссөз жүріп жатыр. Келе­шекте өсімдік шаруашылығын дамы­тамыз. Биыл 12 мың гектар жерге тұқым себілді. Оған қоса жаңа заманауи техника сатып алынды. Келесі жы­лы егіс алқаптарын 15 мың гектарға дейін ұлғайту, суармалы жерлерді дамыту бағдарламасын бастау жоспарымызда бар. Инвестиция шамамен 2,5 млрд теңге, – деді «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади.

Бүгінгі таңда кәсіпорында еңбек ететін адамның саны жүзден астам. Өндірістің одан әрі ұлғаюы жаңа жұ­мыс орындарын қамтамасыз етеді. Сауын жүйесі толықтай автомат­тан­ды­рылған. Сауылған сүт бірден өңдеу­ге жөнелтіледі. Сондықтан да оның құрамындағы барша пайдалы қасиеттері сақталады дейді өнім өндірушілер.

Қарағанды

Бөлісу:
«Saumal» бренді Дубайға экспортталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар