Қаржы
1 мин оқу 230

Доллар бағамы тағы төмендеді

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауданың қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 1,71 теңгеге төмендеп, 444,85 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 446,65 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,55 теңгеден сатып алынып, 447,60 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы - 444,50 теңге, сату – 448,00 теңге.

Бөлісу:
Доллар бағамы тағы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар