Қоғам
1 мин оқу 371

Поэзия және полицей

<p style="text-align: justify;">Үркер Үрматов Ұлытау облыстық полиция департаментінде тылмен қамтамасыз ету басқармасының арнайы және әскери қамтамасыз ету бөлімінде инспектор болып қызмет істейді.</p>

Поэзия және полицей

Негізгі міндетін мүлтіксіз атқаратын азаматтың тағы бір ерекше қыры бар екен. Бұл – оның поэзияға деген ықыласы. Әріптестері, оның мұнысына әр кез сүйсіне қарайды.

– Мен ақындардың өлең­дерін жаттап, нақышына келтіріп оқығанды ұнатамын. Әсіресе Махамбет Өтеміс­ұлы­ның өлеңдерін оқығанда, бір қолымда найза ұстап, жауға аттандап бара жат­қан­дай күйге түсемін, – дейді Үркер.

Ол Жамбыл облысы Са­рысу ауданының тумасы. Әкесі ішкі істер органының ар­дагері көрінеді. Ал өзі был­­тырдан бері осы салада қыз­метте екен.

Жас кезінен қазақтың жыр-дастан, қиссаларын жаттап өскен Үркер 2013 жылы Атырауда өткен Махамбет Өтемісұлы оқуларында үшінші орын иеленген. Кейін мұндай байқауларға қатыса қоймапты. Бәлкім, алдағы уақытта Үр­керді сондай байқаулардың додаларынан көріп те қа­лармыз. Қалай бол­ғанда да, полиция қызмет­керлерінің арасында осындай азаматтың жүргенінің өзі керемет емес пе!

Бөлісу:
Поэзия және полицей · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар