Теннис
1 мин оқу 333

15 жасар чемпион

<p style="text-align: justify;">Тбилисиде 18 жасқа дейінгі теннис&shy;шілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінде Әмір Омарханов бас жүлдені олжалады.</p>

15 жасар чемпион

Әмір небәрі 15 жаста. Соған қара­мастан, түрлі халықаралық додаларда өзінен ересек ойыншыларды ұтып, көп­шіліктің қошеметіне бөленіп жүр. Бұған дейін талантты ойыншы «ITF Juniors» санатындағы турнирлерде төрт рет топ жарды. Әмір Қарағандыда туып-өскенімен, қазіргі кезде Чехияның ең үздік теннис академияларының бірінде шеберлігін шыңдап жүр. Қап тауы бөктерінде қарсылас шыдатпаған өрен ақтық сында әзербайжандық Канан Гасимовті 6:1, 6:3 есебімен ойсырата ұт­ты. Бір кереметі, қандасымыз турнир барысында бәсекелестеріне бірде-бір сетте ұтылған жоқ. Сонымен қатар жұптық ойында да алдына жан салмады. Ақтық сында болгариялық Иван Найденов екеуі Қазақстанның өкілдері Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепиннен басым түсті – 6:3, 6:4.

Бөлісу:
15 жасар чемпион · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар