Спорт
2 мин оқу 161

Елордада кімдер белдеседі?

<p style="text-align: justify;">16-18 маусым күндері елордадағы &laquo;Барыс Арена&raquo; спорт кешенінде дзюдодан &laquo;Qazaqstan Barysy Grand Slam&raquo; әлемдік жарысының алауы тұтанатыны белгілі. 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысу үшін балуандарға рейтингтік ұпай беретін бұл жарыста әлемнің 44 елінен келген 400-ге жуық спортшы белдеседі. Олардың қатарында еліміздің де білекті балуандары бар.</p>

Елордада кімдер белдеседі?

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мә­ліметі бойынша, «Үл­кен ду­лыға» санатындағы жарыс­та ел намысын ұлттық құрама көш­басшыларымен бірге, ересек­тер қатарына енді қосылып жатқан жас спортшылар да қорғайды.

Атап айтқанда, 2019 жылғы жастар ара­сындағы әлем чемпио­ны, «Grand Slam» додаларының жүл­дегері Нұрқанат Серікбаев, 2015 жылғы әлем біріншілігінің жеңім­пазы, былтыр Хорватияда ұйым­дас­тырылған «Grand Slam» турни­рінің алтын медаль иегері Мағ­жан Шамшадин, биылдан бас­тап ересектер дуына араласа бастаған Қанат Сейілхан мен Дәурен Сюкенов 60 кило сал­мақта белдесулерге шығады.

Ал 66 кило салмақ дәреже­сінде әлем чемпио­наты­ның кү­міс жүл­дегері Ғұс­ман Қырғыз­­баев, жастар арасын­дағы әлем чемпио­ны Ермек Аман­гелді, жастар арасындағы тур­нир­лердің жүл­дегері Айболат Ыс­тыбай, Сұңғат Жұбатқан бақ сы­найды.

Азия чемпионы Данияр Шам­шаев, Гран-при жарыста­ры­ның үш дүркін жеңімпазы, Рио Олимпиадасына қатысушы Жансай Смағұлов және Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов 73 кило салмақта, Айбол Нысанәлі, Руслан Мұсаев, Абылайхан Жұ­баназар, Бекәділ Шаймерденов 81 килода, Ермахан Әнуарбеков, Мұхаммедәли Мавлидов, Құ­дірет Досымов, Аян Байғазы 90 килода, Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас, Бекзат Ша­ғатаев, Ис­лам Бозбаев 100 килода, Ға­лым­жан Қырықбай, Әділ Ораз­баев, Ерасыл Қа­жы­баев, Мади Еділбаев 100 килодан жоғары салмақта татамиге шы­ғады.

Қыздар арасындағы бәсеке­лер­дің ең жеңіл салмағында әлем чемпионатының қола жүл­дегері, Азия біріншілігінің екі дүр­кін кү­міс жүлдегері, би­ыл Пор­туга­лия­­ның Алмада қала­сында ұйым­дас­тырылған жыл­дың алғашқы Гран-при жа­ры­сының жеңімпазы Әбиба Әбу­­жақынова, құрлық жа­рыста­рының жеңімпазы, Гран-при турнирлерінің жүлдегері Ғалия Тын­баева, Жанерке Асқарова мен Нұрайлым Сәрсенбек бас жүлде үшін белдесіп көреді.

Сонымен қатар Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ермағамбетова (52 кг), Севара Нышанбаева, Бақыт Құ­сақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова (57 кг), Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова, Анас­тасия Морозова (63 кг), Анас­тасия Маякова, Роза Ны­сан­тайқызы, Диана Телбаева (70 кг), Аруна Жангелдина, Наз­ерке Тілеуханова, Маргарита Гри­ценко (78 кг), Кәмила Бер­ліқаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова 78 килодан жоғары салмақта күш сынасады.

Биыл Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлем­дік «Grand Slam» жарысын Қазақстанда өткізу туралы төрт­жылдық келісімшартқа қол қой­ды. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік «Grand Slam» жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

 «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жаз­ғы Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.

Бөлісу:
Елордада кімдер белдеседі? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар