Жәдігер
1 мин оқу 903

Марал ишанның қылышы

<p style="text-align: justify;">Биыл 130 жылдығы аталып өтіп жатқан Қостанайдың Ақмешітіне Марал ишанның қайқы қылышы табыс етілді. Көне жәдігер осы күнге дейін облыс орталығындағы Смағұловтар әулетінде сақталып келген.</p>

Марал ишанның қылышы

Қылышты кезінде Марал баба­ның Тосынға ұзатылған қызы Айкүміс өзінің жасау-отауымен бірге ала кеткен кө­ріне­ді. Аласапыран бір замандарда Айкүміс анамыз, киелі қылыш жат қолында кет­песін десе керек, әкесінен қалған қаруды шомның арасына жасырған. Оны кейін мал­шының әйелі тауып алып, қи уатқан. Сол әйел екі-ақ күн ауы­рып, қайтыс болған десе­ді. Кейін оны Айкүмістің не­ме­ресі Смағамбеттен ел ішінде «Хал­­­фе кемпір» атанып кеткен Кен­жебике емші сұ­рап ала­ды. Құнды жәдігер күні бү­гін­­ге дейін Кенжебике ке­ліні Рәй­­кенің қо­лында сақ­талып кел­ген.

Таяуда ғана көне қылыш пен Ма­рал баба­ның немересі Үн­демес ишанның шапанын Ақ­мешітке тапсырған сексен бес жастағы Рәйке әжей: «Алла­ның ама­натын тапсы­ратын уақыт жа­қындап келеді. Кезінде сонау Қызыл­ордадан сұрап келген Марал баба ұр­пақтарына да, сол кездегі об­лыс имамы Ер­­тай қажыға да бермей келіп едім. Енді кө­зімнің тірісінде осы кие­лі жәдігерді баба ме­шітіне, Бектұрсын балама табыс­тағалы отырмын», дейді.

ХІХ ғасырда салынған Ма­рал ишан мешіті өткен жыл­­дың аяғында күрделі жөн­деуден өтіп, қайтадан ел игі­лігіне беріл­ген. Оныншы маусымға жос­пар­лан­ған ме­шіт­тің 130 жылдығына арнал­­ған іс-шаралар аясында Құ­ран жа­рысы, ақындар мүшәй­расы, вело­марафон ұйым­дас­­тыры­лып, республикалық кон­ференция өтеді.

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу:
Марал ишанның қылышы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар