Президент
1 мин оқу 280

Мемлекет басшысының бір күндік жұмыс кестесі жарияланды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;

Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;

Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;

ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысының бір күндік жұмыс кестесі жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар