Қоғам
1 мин оқу 314

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар көбейеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда әйелдер вагондарына сұраныс артып келеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі әйелдер көлігі тағы үш бағытта жүретінін хабарлады.

«Мұндай вагондар үш пойыздың құрамына кіреді: №3/4 Астана-Алматы, №33/34 Алматы-Ақтөбе және №71/72 Астана-Шымкент», деп хабарлады  компания өкілдері.

Әйелдер вагондары бар пойыздар қазірдің өзінде келесі бағыттар бойынша жүреді:

№77/78 «Алматы - Маңғыстау»
№351/352 «Алматы - Өскемен»
No37/38 «Маңғыстау – Семей»
№47/48 «Астана - Атырау»
№45/46 «Павлодар – Түркістан».

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдер вагондары 2021 жылы пайда болды.

Бөлісу: