Қоғам
1 мин оқу 694

Air Astana компаниясы билет бағасын негізсіз қымбаттатқан

<p style="text-align: justify;">Әуе компаниялары сұраныс көбейген кезде, әсіресе жаз маусымында рейс құнын қымбаттатып жібереді. Осы мәселені жолаушылар сынға алып, жиі шағым түсіреді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Air Astana компаниясы билет бағасын негізсіз қымбаттатқан

Көлік прокуратурасы органдары Air Astana қызметіне тексеру жүргізіп, компанияның бағаны негізсіз қымбаттатқанын анықтады. 

Тексеру қорытындысы бойынша Air Astana әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алып отырған.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Air Astana компаниясы билет бағасын негізсіз қымбаттатқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар