Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды
<p style="text-align: justify;">Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Ол қашықтықты 53:28. 4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті.
Қола медальді моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтст қанжығасына байлады.
Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды.
Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз қатысты.
Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында көш бастаған.